Биыл мыңнан астам су маманы Қытайда біліктілігін арттырады

110

Курстар әр тоқсан сайын өтеді. Оған жалпы саны 105 маман қатысады. 

Биыл мыңнан астам су маманы Қытайда біліктілігін арттырады Фото: Вузопедия

Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл мыңға жуық су шаруашылығы маманын қайта даярлау үшін біліктілік арттыру курстарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, министрлік қытайлық Power China компаниясымен қазақстандық мамандарды ҚХР-да біліктілік арттыру курстарынан өткізу туралы келісімге келді. Сәуірде 30 адам, одан кейін 25 адамнан құралатын бірнеше топ Қытайға барады.

"Мамандарды даярлау және қайта даярлау – еліміздің су саласын жаңғыртудың маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Тараз қаласында Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылды, онда 200-ге жуық студент оқиды. Біздің министрлік су саласы үшін кәсіби стандарттарды әзірлейтін кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құрды. Оның негізінде қазақстандық жоғары оқу орындары өздерінің білім беру бағдарламаларын өзектендіретін болады", - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Ғылым және инновация департаменті Су шаруашылығындағы адам ресурстарын дамыту басқармасының басшысы Дидар Жәнібекұлы.

Еске сала кетейік, былтыр 500-ден астам сушы мамандандырылған орталықтардың жанынан біліктілік арттыру курстарынан өтті. Бұл бастапқы жоспардан 12%-ға артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу