Биыл нан бағасы 19%-ға өсті

Аймақтардың бірінде бұл көрсеткіш 48%-ға жетті.

Биыл нан бағасы 19%-ға өсті

Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында жаңа піскен нан өндірісі 342,4 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% аз, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Сала бойынша өндірілген өнімнің төрттен бір бөлігі дерлік Түркістан облысының үлесіне келеді: 81,7 мың тонна, бір жыл ішінде көрсеткіш 8,3% төмендеді. Үздік үштікке Алматы мен Ақтөбе облысы да кірді: сәйкесінше 36,6 мың және 33,8 мың тонна.

Ең төмен көрсеткіш Ұлытау мен Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Шымкентте тіркелді. Биылғы жылдың қыркүйек айында нанның құны өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда айтарлықтай 19,4% қымбаттады.

Қара бидайдан жасалған нанының бағасы 24,7%-ға, жоғары сұрвпты ұннан жасалған нан – 28,2%-ға, бірінші сұрыпты ұннан жасалған нанының бағасы – 14,4%-ға, кесілген нанның бағасы – 28,1%-ға өсті.

Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында нан қымбаттады.  Бағалар Ұлытау облысында айтарлықтай өсті: бірден 48,3%-ға. Ақмола облысы (+ 27,6%) және Алматы (+ 25,8%).  Ең аз жылдық баға өсімі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді: + 2,6%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу