Биыл Нұр-Сұлтанда 20 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды

930

Елорда мектептеріне 200 педагог жетіспейді.

Биыл Нұр-Сұлтанда 20 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды

Елорда мектептеріне жаңа оқу жылында 20 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласының білім беру басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин елорда мектептерінде үш ауысыммен білім беру мәселесі әлі шешімін таппай жатқанын айтады.

"2018-2019 оқу жылында қаладағы 5 мектеп 3 ауысымды режімде білім берген болатын. Бұл мәселені №24,40,28,57 және 64 мектептерге жанама ғимараттар ашу арқылы шешеміз. Сонымен қатар, 3 жаңа мектеп қолданысқа беріледі. Биыл бірінші сыныпқа тағы 23-24 мың бала барады деген есеп бар. Яғни үш ауысымды режім мәселесі әлі де бар",– деді басқарма басшысы.

Ануар Жанғозиннің айтуына қарағанда, елорда мектептеріне 200 педагог жетіспейді.

"Өткен оқу жылында қала мектептерінде 162 мың бала оқыса, биыл олардың саны 182 мыңнан асуы мүмкін. Бізге 200 мұғалім жетпейді. Әсіресе, бастауыш сынып оқушылары мен тәрбиешілер қажет. Мұғалім тапшылығын шешу үшін жас мұғалімдерге арналған жатақхана салып жатырмыз. Тамыз-қыркүйек айларында қолданысқа беру жоспарланған. Сондай-ақ, тұрғын үй сертификаттарымен қамту жалғасуда. Қаізрге дейін мұғалімге сертификат берілді",– деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу