Биыл Нұр-Сұлтанда ірі ет-өңдеу кешені пайдалануға беріледі

895

Жылына 5 мың тонна ет өндіретін ет-өңдеу кешенінің құрылысы аяқталады.

Биыл Нұр-Сұлтанда ірі ет-өңдеу кешені пайдалануға беріледі

Биыл ауыл шаруашылық саласында қандай жобалар іске қосылады. Бұл туралы сала министрі Сапархан Омаров үкімет отырысында айтты.

Оның жеткізуінше, биыл Нұр-Сұлтан қаласында қуаты жылына 5 мың тонна ет өндіретін ет-өңдеу кешенінің құрылысы аяқталады –"Ерейментау ақбас" ЖШС пайдалануға беріледі. 

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында уақытша тоқтатылған Кроун батыс жобасына жаңа инвесторды тарту бойынша жұмыс жүргізілген, енді әлеуетті инвестор осы күзде іске қосу үшін жобаны сатып алуда.

Бүгінде "Гранд Фарм" (ҚХР), "Бауманн" (Германия), "Иналка"/Кремонини (Италия) секілді трансұлттық компанияларды ет өңдеу секторына тарту жұмыстары жүргізілуде дейді министр.

"Сонымен қатар, америкалық трансұлттық компаниялар өз инвестициялары есебінен сиыр етін өндіруге арналған заманауи ет өңдеу кешенін салуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта америкалық ғалымдар тобы саланың қазіргі жай-күйіне шолу жүргізіп, америкалық компаниялар үшін талдамалық есеп дайындады",– дейді министр баяндамасында.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкімен бірлесіп ет саласын дамытуды қолдау бағдарламасы әзірленуде екен. Қазіргі уақытта тиісті жол картасы ойластырылып жатыр.

Германия ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан гранттар тартылып, құрылып жатқан сүт-тауар фермаларға биылғы жылдың қазан айында консультация ұйымдастыру үшін бағдарлама жүзеге асырылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу