Биыл Нұр-Сұлтанда өрт салдарынан 20 адам көз жұмды

614

Жалпы елордада осы уақытқа дейін 587 өрт фактісі тіркелді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы айтты. 

Биыл Нұр-Сұлтанда өрт салдарынан 20 адам көз жұмды

"Биылғы жылдың 11 айында елордада 587 өрт тіркелді. Салдарынан 20 адам көз жұмып, 58 адам жарақат алды. Өрттердің шығуының негізгі себебі - электр желілерін монтаждау, пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларының сақталмауы, жылыту пештерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларының сақталмауы және адамдардың отпен абайсыз болуы. Өрттерде көз жұмған 20 адамның 13-і оқыс оқиға кезінде мас күйінде болған. Сондықтан алдағы келе жатқан жаңа жыл қарсаңында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды сұраймыз, электр желілерін пайдаланған кезде оларға қосымша ауыртпашылық түсірмеуге, электр жылытқыш құралдарын пайдаланған кезде оларды қараусыз қалдырмауға, қолдан жасалған немесе жарамсыз күйдегі электр қондырғыларды пайдаланбауға кеңес береміз", - деді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу