Биыл "Нұрлы жер" арқылы 14 мыңнан аса пәтер пайдалануға беріледі

804

Бағдарлама шарттарына сәйкес, сатылатын үйлердің 1 шаршы метрінің бағасы алдын-ала белгіленген: Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалаларында 180 000 теңгеден, ал басқа аймақтарда 140 000 теңгеден аспайды.

Биыл "Нұрлы жер" арқылы 14 мыңнан аса пәтер пайдалануға беріледі

Биыл ТҚЖБ "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салымшыларын 59,7 млрд теңгеге несиелендіруді жоспарлап отыр. Мемлекеттік бағдарлама аясындағы банк клиенттеріне арналған тұрғын үй елдің барлық аймағында сатылатын болады. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен баспасөз мәслихатында банктің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты.

2018 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 64 млрд теңге болатын 8 659 пәтер сатылған. Ал "Нұрлы жер" жүзеге асырыла бастағалы бері, яғни 2016 жылдың аяғынан бастап мемлекеттік бағдарлама аясында 13 197 адам пәтер алған. Баспана сатып алу үшін оларға жалпы сомасы 98,2 млрд теңгені құрайтын заем берілді. Қаражаттың 69 пайызы республикалық бюджеттен бөлінді, ал 31 пайызы ТҚЖБ-ның жеке қаражаты болды.

Аймақ әкімдіктерінің мәліметтері бойынша, осы жылы 14 220 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, сатылатын үйлердің 1 шаршы метрінің бағасы алдын-ала белгіленген: Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалаларында 180 000 теңгеден, ал басқа аймақтарда 140 000 теңгеден аспайды.

ТҚЖБ салымшылар жинаған ақшаларының 20%-на тең мемлекеттік сыйлықақы алады. Сыйлықақы депозиттегі жиналған ақшаның 200 айлық есептік көрсеткіштен (2019 жылы 505 000 теңге) аспайтын көлеміне беріледі.

2018 жылдың қорытындысы бойынша берілетін мемлекеттік сыйлықақы осы жылдың ақпан айының бірінші жартысында салымшылар шотына аударылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу