Биыл "Нұрлы жер" шеңберінде ШҚО-да 5,1 мың тұрғын үй салынады

981

"Бақытты отбасы" бағдарламасын жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен облыс әкімдігіне 228 тұрғын үй үшін 2,3 млрд теңге бөлінеді.

Биыл "Нұрлы жер" шеңберінде ШҚО-да 5,1 мың тұрғын үй салынады

Шығыс Қазақстан облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 520 мың шаршы метр немесе 5100 тұрғын үй салу міндеті тұр, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Биылғы І тоқсанда салаға 11,9 млрд теңге инвестиция бағытталып, жалпы ауданы 91,2 мың шаршы метр болатын 810 тұрғын үй пайдалануға берілген.

2020 жылы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысында 25,5 млрд теңгеге 74 жоба іске асырылып, 4396 адам жұмыспен қамтылады.

Жалпы ауданы 114,8 мың шаршы метр болатын 1901 кредиттік немесе жалға берілетін пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 22 жобаны іске асыру үшін 3,5 млрд теңге қарастырылған. Биылғы І тоқсан қорытындысында әкімдікке 660 млн теңге аударылып, ол қаражаттың 650 млн теңгесі игерілген. Жыл соңына дейін жалпы ауданы 30,5 мың шаршы метр болатын 548 жалға берілетін пәтер пайдалануға беріледі. Халықтың аз қамтылған әлеуметтік топтарына, көп балалы отбасыларға берілетін ол баспаналардың құрылысына 807 адам жұмысқа тартылады. 

Ал кредиттік тұрғын үй құрылысына 31 жобаны іске асыру үшін 13,2 млрд теңге қарастырылған. Оған 84,3 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 1353 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ол үйлердің құрылысын жүргізу үшін  2899 жұмыс орны құрылады.

Бұдан басқа, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында жылдық 2%-бен несие берілетін "Бақытты отбасы" бағдарламасын жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен облыс әкімдігіне 228 тұрғын үй үшін 2,3 млрд теңге бөлінеді.

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге 8,8 млрд теңге бөлініп, 21 жоба іске асырылады. І тоқсан  қорытындысында ол қаражаттың 1,1 млрд теңгесі аударылып, оның 87,5% игерілді. 690 адам жұмыспен қамтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу