Биыл ОҚО-да 100 мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қамтылады

737

Биыл ОҚО-да 100 мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қамтылады

Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 100 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізеді. Ол үшін облыстық бюджеттен 14,1 млрд теңге қаржы қаралып, оған 86 нысан құрылысы мен 89 жобалық сметалық құжаттама әзірленбек, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ал 2017 жылы 57 елдімекен немесе 99,5 мың адам табиғи газбен қамтылып, облыстағы газдандырылған ауыл, аймақ саны 357-ге (42,3%), яғни 1854807 тұрғынға (65,3%) жетеді.

Мұнан бөлек, осы жылы "Газли-Шымкент" магистралды газ құбыры бойынан Қазығұрт ауданына "Шанақ" автоматтандырылған газ тарату станциясы және Шардара ауданына №18 "Шардара" АГТС құрылысы жүргізіледі. Нысандарды 2018 жылдың аяғында пайдалануға беру жоспарланған. Бұл аталған аудандарды толығымен газдандыруға жол ашады.

Айта кетейік, облыс табиғи газбен Өзбекстан Республикасынан келетін "Газли-Шымкент" және отандық "Бейнеу-Бозай-Шымкент" магистралды газ құбырынан қамтамасыз етіледі. Табиғи газға жылдық қажеттілік орташа 1 млрд м3.

Соңғы 8 жылда табиғи газбен қамтылмаған 203 елдімекен қосымша газдандырылып, жалпы облыстағы 844 елдімекеннің 300-і (35,5%) немесе 1755307 тұрғын (61,8 %) табиғи газбен қамтамасыз етілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу