Биыл ОҚО-да 83 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жүргізіледі

1106

Биыл ОҚО-да 83 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жүргізіледі

Бұл туралы Өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым мәлім етті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Басқарма басшысының айтуынша, биыл  83 көпқабатты түрғын үй күрделі жөндеу жұмыстарына 1,2 млрд теңге қаржы қарастырылмақ. Сондай-ақ, 9 көпқабатты тұрғын үйдің сейсмикалық ахуалын нығайту үшін   453,5 млн. теңге қаржы бөлу жоспарлануда. 

"Қазіргі таңда  Оңтүстік Қазақстан облысында 3 518 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 1393-і  яғни 39,6 пайызы күрделі жөндеуді, 20-сы сейсмикалық нығайтуды қажет етеді. Облыстағы көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеудің 2017-2020 жылдарға  арналған кешенді іс-шара жоспарына сәйкес,  2020 жылға қосымша 488 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған болатын. Бұл бағытқа 6 млрд. 861  млн теңге бағытталуы тиіс. Нәтижесінде күрделі жөндеуді талап ететін тұрғын үйлердің үлесін 39,6 пайыздан 25,7 пайызға төмендету көзделіп отыр", - деді Марғұлан Зұлқарнайұлы.

2016 жылы өңіріміздегі  көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеуге қаржы бөлінбеген. Өткен жылы жыл қорытындысымен күрделі жөндеуді қажет ететін үйлердің үлесі 44,4 пайыздан  42,5 пайызға төмендеп, 19 775 пәтер тұрғындарының тұрмыстық жағдайы жақсарыпты.  Бұдан бөлек, былтырғы  жылы облыстық бюджеттен 723,4 млн теңге бөлініп, Шымкент қаласының сейсмикалық нығайтуды қажет ететін 7 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу