Биыл өңдеу өнеркәсібіне 1 трлн теңгеден астам инвестиция салынды

2640

Елдің ЖІӨ-дегі өңдеу сегментінің үлесі 14%-ға дейін артты. 

Биыл өңдеу өнеркәсібіне 1 трлн теңгеден астам инвестиция салынды

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша экономика 3%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Нақты сектор экономиканың тұрақтылығының факторы болып қала береді. Оның өсімі 3,5%-ды құрады. Тікелей өңдеу өнеркәсібінде өнім көлемі 5,8%-ға жоғарылады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің өсуі елімізде экономиканы әртараптандыру, яғни шикізатқа тәуелділіктен арылу және жалпы өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес секторлардың рөлін күшейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен байланысты. COVID-19 пандемиясы барлық проблемалар мен тәуекелдерді әшкерелеп, экономиканы әртараптандырудың маңыздылығын көрсетті.

Елімізде өнеркәсіпті дамыту үшін көптеген шаралар мен тиісті мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылды. Оның бірі – Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ). Жобаның нәтижелері айқын. Мәселен, 2010-2019 жылдары еліміздің ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 10%-11,5% аралығында өзгерсе, 2020 жылдың қорытындысы бойынша ол рекордтық мәнге 13,1%-ға жетті. Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша үлес 14%-ға дейін артты, бұл ел үшін тағы бір жетістік.

Биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция бір жылда 87,2 пайызға өсіп, рекордтық көрсеткішке – 1,1 трлн теңгеге жетті. 

Бұл өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуына елеулі қолдау көрсетіп отырған даму институттарының бірі – Қазақстанның Даму Банкі. Қаржы институты ресурстық емес секторға инвестициялау арқылы ұлттық экономиканың тұрақты дамуына үлес қосуда. 2020 жылы банктің өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымға салған инвестициясының көлемі оның бүкіл қызмет тарихындағы рекордтық көрсеткішке жетті (506 млрд теңгеден астам).

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу