Биыл өндіріс көлемі төмендеді

811

Биыл өндіріс көлемі төмендеді

Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары 2018 жылғы І тоқсанда өткен 2017 жылғы IV тоқсанмен салыстырғанда дайын өнiмге сұраныс және өндіріс көлемінің төмендеуін белгіледі, деп хабарлайды статистика комитеті.

Іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі (+8%) құрады.

Жақын арадағы келешекте өнеркәсіп кәсіпорындары басшыларының ой-пікірлері бойынша ағымдағы уақытпен салыстырғанда қаржы-шаруашылық қызметінің жақсаруы күтіледі.

2018 жылғы І тоқсанда өткен 2017 жылғы IV тоқсанмен салыстырғанда сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша тұтынушылар сұранысы және іскерлік белсенділігі төмендеді.

2018 жылғы І тоқсанда сұралған сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі (+4%) құрады.

Ағымдағы уақытпен салыстырғанда 59% өзгеріссіз, 23% жақсаруын және 9% кәсіпорын өзінің қаржы-шаруашылық қызметінің нашарлайтындығын күтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу