Биыл өндірістегі жазатайым оқиғалардан 78 адам қайтыс болды

1037

Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 9,3%-ға төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл өндірістегі жазатайым оқиғалардан 78 адам қайтыс болды

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің деректеріне сүйенсек, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында өндірістегі жазатайым оқиғалардан 691 қызметкер зардап шеккен, оның 78-і қайтыс болған.

Осылайша, өндірістік жарақаттану деңгейі 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ға өсті (өткен жылдың 6 айында 672 адам зардап шекті). Бұл ретте өндірістік жарақаттанудан қаза табу жағдайлары 9,3%-ға төмендеді (2020 жылғы 6 айда өндірісте 86 адам қаза тапты).

Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі бұрынғыдай Қарағанды (139 адам зардап шекті), Шығыс Қазақстан (82 адам), Ақтөбе (56 адам), Павлодар (54 адам), Қостанай (49 адам), Түркістан (37 адам) облыстарында және Алматы қаласында (42 адам) сақталуда.

Экономика салалары бойынша зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен-металлургия кешенінің кәсіпорындарында – 134 адам (19,4%) және құрылыс саласында – 80 адам (11,6%) байқалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу