Биыл өңірлердегі балалардың демалуына 94 млрд теңге бөлінді - Министр

647

Өңірлердегі балалардың демалысын ұйымдастыруға 94 млрд теңге бөлінді. 

Биыл өңірлердегі балалардың демалуына 94 млрд теңге бөлінді - Министр Фото: massaget.kz

Бұл туралы Білім министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді. Министрдің есебіне сәйкес, 2 млн 800 мың бала осы жазда лагерьлер мен сауықтыру орталықтарында демала алады. 

Ведомство басшысы сондай-ақ балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету үшін 218 қала сыртындағы және 10 000-нан астам мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істейтінін атап өтті. Сонымен қатар жазғы айларда өзге де балаларға қатысты шаралар өткізілмек. Мәселен,  қызығушылығына сай түрлі секциялар мен үйірмелерге қатыса алады. 

"Жасыл ел" бағдарламасы бойынша оқушылар еліміздің киелі, тарихи  орындарын аралап, тілдік курстарда оқуға мүмкіндігі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу