Биыл өңірлерді дамыту үшін республикалық бюджеттен 5,5 трлн теңге бөлінді

711

Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалығымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Биыл өңірлерді дамыту үшін республикалық бюджеттен 5,5 трлн теңге бөлінді

"Ауыл – Ел бесігі" жобасын іске асыруға 128 млрд теңге бөлінді, олар 580 ауылда 1 100 жобаны іске асыруға бағытталған.

 "Дипломмен ауылға" бағдарламасын іске асыру аясында 4,3 мың маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер беруге 20 млрд теңге бөлінді.

 Жалпы сомасы 1,1 трлн теңгені құрайтын батыс өңірлерінің (Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары) кешенді жоспарлары қайта қаралып, кеңейтіліп қабылданды.

Үкімет басшысы осылайша 170 мыңнан астам жұмыс орны ашамыз деп сендіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу