Биыл оңтүстіктен солтүстікке көшуге қанша қаражат бөлінеді

1477

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биылғы жылы ішкі миграцияға 7 771 квота бөлінетіндігін хабарлады.

Биыл оңтүстіктен солтүстікке көшуге қанша қаражат бөлінеді

2019 жылы қазақстандықтардың еліміздің оңтүстік өңірлерінен солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару мақсатына 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биылғы жылы ішкі миграцияға 7 771 квота бөлінетіндігін хабарлады.

"Көшуге кеткен шығындарды өтеуге, тұрғын үйді жалға алуға және коммуналдық қызметтерді төлеуге 1,076 миллиард теңге қарастырылған", – делінген ведомство мәлімдемесінде.

Бұдан өзге шетелдегі 2 103 қазақтың Қазақстанға қоныс аударуына бюджеттен 597 миллион теңге жұмсалмақ.

2018 жылдың қорытындысы бойынша ел ішінде 4 870 адам көшкен екен. Оңтүстік өңірлер тұрғындарының басым бөлігі Павлодар облысына (1,6 мың адам) қоныс аударыпты. Бұдан кейін Солтүстік Қазақстан (1,3 мың адам), Шығыс Қазақстан (947 адам) және Қостанай (927 адам) облыстары тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу