Биыл өрттен 300-ге жуық адам қаза болған

1053

Елде 9 мыңнан аса өрт дерегі тіркелді.

Биыл өрттен 300-ге жуық адам қаза болған

2021 жылғы 10 айда елде 300-ге жуық адам қаза болды. Бұл туралы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Төрағаның айтуынша, елде орташа есеппен күніне 100-150 төтенше жағдай дерегі тіркеледі. Оның негізгі үлесі өрт дерегі болып саналады.

"Биыл 10 айда 9 мыңнан аса өрт болды. Салдарынан 358 адам жарақат алып, 297 адам қаза болды. 4 394 адам өрттен құтқарылды", – деді Нұрболат Дербісов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол жалпы өрттің 8%-ы тұрғын үй секторында болатынын атап өтті.

 "Өрт дерегінің 13,6%-ға төмендегені байқалып отыр. Осыған қарамастан өрттен қаза тапқандар саны 16%-ға, жарақат алғандар саны 45%-ға өсіп отыр", – деді комитет төрағасы.

Осыған байланысты Нұрболат Дербісов жыл сайын жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрттің алдын алу үшін комитет профилактикалық іс-шаралар өткізетінін жеткізді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу