Биыл өрттен қаза болғандар саны артқан

811

Өрттен қаңтар-қараша аралығында 354 адам көз жұмған.

Биыл өрттен қаза болғандар саны артқан

2021 жылы 11 айда өрттен қаза болғандар саны 19%-ға өскен. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

ТЖМ дерегінше, биыл өрттен 354 адам, өткен жылы (11 айда) 297 адам көз жұмған.

"2021 жылы қаңтар-қарашада Қазақстанда өрттен қаза болғандар саны 19%-ға, суда 8,3%-ға (өткен жылы 374 адам, биыл 405 адам суға батқан) өскен, өндіріс орындарындағы апаттан қаза болу дерегі 5 есе артқан (2-ден 13-ке дейін). Өкінішке қарай, адам өлімінің өсу дерегі қайғылы жағдайларға байланысты", – деді Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жыл басынан бері газ баллонының жарылуынан Нұр-Сұлтанда 2 адам, Петропавлда 4 адам қаза тапты. Жалпы 15 тұрғын зардап шеккен.

"Сондай-ақ Ақмола облысы Шортанды ауданында газ баллонының жарылуынан 6 адам, оның ішінде үш бала көз жұмды. Жамбыл облысындағы әскери қоймада өрт шығып, 17 адам қаза тапты", – деді Юрий Ильин.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу