2019 жылы Өскеменде трамвай жолдары жөнделеді. Бұл туралы қала әкімдігінің сайтында жарияланған құжатта жазылған, деп хабарлайды altaynews.kz.
Жалпы "Өскемен көлік компаниясы" ЖШС-нің қажеттіліктері үшін 200 миллионнан астам қаржы бөлінген екен.
"Рельстерді, кабель желілерін күтіп ұстау мен жөндеу жұмыстарына, құрамдас материалдарды сатып алуға 250 миллион теңге бөлінді", – деп көрсетілген құжатта.
Айта кетсек, қазіргі таңда трамвай жолдарында 16 жылжымалы құрам жұмыс істейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу