Биыл отандық бизнес үшін қандай жыл болды?

1538

Бұл туралы экономист Ғалымжан Керімбек пікір білдірді.

Биыл отандық бизнес үшін қандай жыл болды?

Танымал миллиардер Джек Ма биыл қытай бизнесі үшін қиын жыл болғанын айтты. Жағдайдың тым ауыр болғаны сонша, қалталы бизнесмендер дүние-мүліктерін де саудаға қойыпты, деп хабарлайды Atameken Business.

Әйгілі қытайлық кәсіпкердің айтуынша, оған 1 тәулікте 5 бірдей досы хабарласып, қарызға ақша сұраған.

Джек Маның келесі жылға жасаған болжамы да көңіл көншітпей отыр. Оның жорамалына сенсек, жағдай одан бетер ушығып, кәсіпкерлер мүшкіл халге түседі. Қиындықтарға қарамастан, әлем экономикасындағы қарқынды өзгерістерге бейімделуге шақырды.

"Әуелі өзіміз өзгеруіміз керек. Сол кезде жаңа мүмкіндіктер ашылады",– деп кеңес берді.

Ол, сондай-ақ, АҚШ-пен жасалып жатқан сауда келісімінің бірінші кезеңін "нақты бетбұрыстың" бастамасы ретінде көреді. Келесі жылы Қытайдың экономикалық дамуы одан әрі күрделі жағдайға тап болуы мүмкін екендігін Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян да мойындады. 

"Түйені жел шайқаса, ешкіні аспаннан ізде" деген тәмсіл еріксіз еске оралады. Алып державадағы жағдай осыншама қиын болса, біздегі ахуал қандай? 2019 жылы отандық бизнес үшін қандай жыл болды? Бұл тұғыда кәсіпкерлердің жанақайы мен сарапшылардың болжамы бүгінгі бағдарламаның негізгі бөлігінде қозғалады. Осы тақырыпты талқылау үшін Atameken Business студиясына экономист Ғалымжан Керімбек арнайы шақырылды:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу