Биыл отандық дәрі-дәрмектердің үлесін 33%-ға жеткізу көзделген – ДСМ

619

Министрліктің мәліметінше, 2023-2029 жылдарға арналған "Отандық өндірістегі дәрі-дәрмектердің үлесін ішкі нарықта 50%-ға дейін жеткізу" Жол картасы келісілді. 

Биыл отандық дәрі-дәрмектердің үлесін 33%-ға жеткізу көзделген – ДСМ Фото: inbusiness.kz

Құжатты 2023 жылдың сәуір айында бекіту жоспарланып отыр.

Жол картасы ТОП-50 BIGPHARMA-дан әлемдік фармацевтика индустриясымен өзара іс-қимылға, сондай-ақ ғылыми және кадрлық әлеуетті арттыруға және фармацевтика және медицина өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 2022 жылы отандық өндірістегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлесі 29% құрады. 2021 жылмен салыстырғанда үлес 5%-ға өсті. 

Айта кетсек, Мемлекет басшысы "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасында отандық дәрі-дәрмектердің үлесін арттыруды тапсырған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу