Биыл отандық сауда флоты 1,8 млн тонна жүк тасымалдады

493

 Оның 233 мың тоннасы Ресей бағытында тасымалданды. 

Биыл отандық сауда флоты 1,8 млн тонна жүк тасымалдады

2020 жылдың 10 айының қорытындысында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жүктерді ауыстырып тиеу өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде болды, деп жазады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Отандық сауда флоты осы кезеңде Каспий теңізіндегі порттар арасында 1,8 млн. тоннадан астам жүк, оның ішінде Ақтау – Баку фидерлік желісімен 10,6 мың контейнер тасымалдады.

Ішкі су жолдары бойынша биылғы 10 айда жүк тасымалдау көлемі шамамен 1,44 млн. тоннаны құрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу