Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай мәлімдеді, деп хабарлайды aktobenews.kz.
"Біз Орынбор қаласында Ақтөбе күндерін өткіздік. Енді биыл облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен Өзбекстан Республикасының, соның ішінде Қарақалпақстан Республикасының Нүкіс қаласында өткіземіз деген жобамыз бар. Жалғыз ауыл шаруашылығына ғана қатысты емес, мәдениет, өндіріс тағы басқа саласы бойынша қамтиды. Ол алдағы уақытта жоспармен бекітілетін болады. Негізі күз айларына белгілеп отырмыз", – дейді ауыл шаруашылығының басқармасы Құсайын Сәрсенбай.
Айта кетейік, өңіраралық кооперциясын дамыту аясында өңірде бірқатар жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда көршілес аймақтармен, Ресей Федерациясының Орынбор, Орск және басқа да облыстарымен жергілікті өнімдерді өткізу туралы келіссөз жүргізілуде.