Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Atameken Business телеарнасына берген сұхбатында айтты.
"Жыл басында Сенат 2,5 айдай бүкіл Парламенттің функцияларын атқарды. Мәжіліс сайлауы кезінде біз бірқатар бірқатар маңызды заңдарды қабылдандық. Бұл заңдардың барлығы реформаларды жүзеге асыруға құқықтық негіз қалыптастырды. Бұл заңдардың ең маңыздыларын тоқтала кетсек, мұның ішінде ауыз толтырып айтатын заңдардың бірі - әкімшілік реформаларды жүзеге асыруға бағытталған заң. Біз енді әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Экономикамызды дамытудың жаңа үлгісін қалыптастырып жатырмыз. Барлық қойылған мақсаттарға жетуіміз үшін біздің басқару жүйеміз тиімді болуы керек. Басқару тиімділігі деген сөз - көптеген құзыреттерді орталықты, үкіметте ұстай бермей, үкіметтен мемлекеттік органдарға беру керек, орталықтан жергілікті жерге беру керек. Осы мақсатта тиісті заңды қабылдадық. Бірнеше жүз функция үкіметтен мемлекеттік органдарға, орталықтан жергілікті әкімдерге берілді", – деді Сенат төрағасы.
Толығырақ You Tube арнада