Биыл парламентке 25 заң жобасы енгізіледі

1122

Әділет вице-министрі Наталья Панның мәлімдеуінше, биыл бірінші жартыжылдықта парламентке – 13, екінші жартыжылдықта – 12 заң жобасы енгізіледі. 

Биыл парламентке 25 заң жобасы енгізіледі

Вице-министр былтыр парламентке 17 заң жобасын енгізу жоспарланғанын, 
іс барысында 22 заң жобасы әзірленіп, парламент депутаттарына ұсынылғанын, 8 заң жобасына Президент қол қойғанын, 14 заң жобасы парламенттің қарауында жатқанын айтты. 

"Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді, сондай-ақ стратегиялық құжаттарды ескере отырып, әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірлеген заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарын 2020 жылдың желтоқсанында бекітті. Онда 25 заң жобасын әзірлеу көзделген. Оның ішінде бірінші жартыжылдықта парламентке – 13, екінші жартыжылдықта – 12 заң жобасын енгізу жоспарланған", – деді Наталья Пан.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу