Биыл Павлодар облысына 264 жас дәрігер келеді

1481

Өңірде жалпы тәжірибедегі дәрігерлерге сұраныс көп. 

Биыл Павлодар облысына 264 жас дәрігер келеді

Павлодар облысында медицина саласындағы қызметкерлерге 100-ден астам пәтер бөлінген. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Ерлан Ержанов мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Өткен жылы облысымыздағы медициналық ұйымдарға 131 жас маман келді. Биыл басқаша жүйе қалыптасты. Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен, мемлекеттік грантпен оқыған әр жас маман 3 жыл медициналық ұйымдарда қызмет атқаруға міндеттелді. Осы арқылы ұйымдарға тартылатын жас мамандардың саны артуда. Әсіресе, ауылдық жерлердегі медициналық ұйымдарға баса назар аударылады. Жергілікті атқарушы органдар көтермеақы беру, үй бөлу арқылы қолдау көрсетуде",– деді Ерлан Ержанов.

Спикердің айтуынша, өңірімізде жалпы тәжірибедегі дәрігерлерге сұраныс көп. Сондай-ақ акушер-генеколог, реаниматологтар да қажет.

"Биыл келетін 264 маманның 65-і жалпы тәжірибедегі дәрігерлер. Олар қазір 7 жылдық оқуын тәмәмдады. Арасында 9 жыл оқитындар бар. Арнайы бір бағытқа маманданып, тереңдетіп оқуы мүмкін. Жалпы өңірімізге 102 жалпы тәжірибедегі дәрігер қажет болған. 65 маманмен шарт жасалып өңірдегі аталған дәрігерлер саны 301-ге жетті. Енді 37 жалпы тәжірибедегі дәрігер керек",–дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу