Биыл Павлодар облысына 351 млрд теңге инвестиция тартылды

835

Желтоқсан айында кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша 20,9 млн теңгелік тағы екі жобаны іске қосу көзделген. 

Биыл Павлодар облысына 351 млрд теңге инвестиция тартылды


Өңірде алдағы төрт жылда 400 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының м.а. Ботагөз Нұрғазина мәлім етті.

"Бүгінде Павлодар облысында инвестициялардың аймақтық жалпы ішкі өнімге үлесі 17 пайызды құрайды, - деді Ботагөз Нұрғазина. – 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша инвестициялар 15,7 пайызға өсіп, 351,7 миллиард теңгеге жетті. Оның 75 пайызы жеке инвестицияларға тиесілі".

Спикердің айтуынша, инвестициялардың өсіміне жаңа жобалардың іске қосылуы сеп. Биылғы жылы екі ірі инвестициялық жоба бойынша жұмыстар аяқталған.

Осы жобалар бойынша жалпы инвестиция көлемі 80 миллиард теңгеден асты.

Желтоқсан айында кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша 20,9 млн теңгелік тағы екі жобаны іске қосу көзделген.

"Алдағы төрт жылға шақталған инвестициялық портфельде 13 жобаның тобы жасақталды. Инвестициялар көлемі – 400 миллиард теңгеден астам. Шамамен 5 мың жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Облыста "Павлодар" АЭА табысты дамуда. Оған инвесторлардың қызығушылығы мол", - деді Ботагөз Нұрғазина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу