Биыл Павлодар облысында 1,1 мың шақырым жол салынды

845

Биыл облыстық, аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу және оны қалыпты ұстап тұру үшін 14 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. 

Биыл Павлодар облысында 1,1 мың шақырым жол салынды

Павлодар облысы әкімі Болат Бақауов ERTIS телеарнасында тікелей эфир арқылы көрсетілетін "Әкім сағаты" бағдарламасына қатысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"2018 жылы "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында Астана – Павлодар – Өскемен бағатында салынып жатқан жолға баса назар аударылды. Бұл мақсатта 70 миллиард теңге бөлінген болатын. Алдағы жылы бұл жолдың құрылысы аяқталады. Бүгінгі таңда шағын ғана жұмыстары қалды", – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ облыс әкімі бір жылдың ішінде Қалқаман-Баянауыл-Алексеевка бағытындағы жол салынып біткенін атап өтті.

"Аталған бағыттағы 175 шақырым жолды бір жылдың ішінде салдық. Алексеевкадан Жаңажол арқылы Екібастұзға дейін жол салынуда. Оның жартысы биыл жасалды. Келесі жылы аяқталады. Шарбақты ауданындағы жол құрылыстарын келесі жылы бітіреміз. Жұмыстар жүріп жатыр. Жалпы алғанда биыл обысымызда 1100 шақырым жол салынды. Бұл Павлодардан Түменге дейінгі аралықпен тең. Жолды жөндеу жұмыстары мезгілінде атқарылуда. Қысқы уақытқа қалдырылған жоқ", – деді ол.

Болат Бақауовтың айтуынша, жол салу ғана емес, оны қалыпты ұстау да маңызды. Бұл бағытта бұрын 20 пайыз ғана қаржы бөлінетін. 2018 жылы бұл көрсеткіш 100 пайызға жеткізіліп, 1 млрд 100 млн теңге бөлінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу