Биыл Павлодар облысында 1300-ден астам адам кәсіпкерлікке оқытылады

777

Нәтижесі бойынша сертификат беріледі.

Биыл Павлодар облысында 1300-ден астам адам кәсіпкерлікке оқытылады

Павлодарда "Бастау" жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту курстары басталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы биыл оқыту онлайн түрде жүргізілетінін мәлім етті. Оқудың бірінші легіне Павлодар облысының 724 тұрғыны қатысып жатыр. Оқу мерзімі – 21 күн. Нәтижесі бойынша сертификат беріледі.

Оқыту 12 модульден тұрады. Оқу басында тыңдаушыларға тестілеу жүргізіледі. Бұдан бөлек, оқу барысында аралық тестілеу қарастырылған. Бұл сынақ арқылы тақырыптарды игеру деңгейі бағаланады. Тыңдаушы тестіні үш рет тапсыра алады. Егер тест бойынша қажетті балдың 60%-ын жинаса, онда нәтиже оң болып есептеледі. Оқу аяғында тыңдаушыға бизнес-жоспар конструкторы беріледі, сол арқылы ол жеке бизнес-жоспар дайындайды. Жоба қорғалған соң, тиісті сертификат беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу