Биыл Павлодар облысында 19 ауыл ауызсумен қамтылады

1053

Биыл Павлодар облысында 19 ауыл ауызсумен қамтылады

Биылғы жылы Павлодар облысында 19 елді мекенде 17 су құбырын тарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Аталған тізімде Екібастұз қаласына қарасты Бозшакөл және Шолақсор, Құлакөл, Шиқылдақ, Ақкөл, Түртүй  елді мекендері бар", – дейді өңірлік  жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы су ресурстары бөлімінің басшысы Мақпал  Лепесова.

Успен ауданының Успен орталығы мен Новопокровка, Ақсу қаласының Айнакөл және Сынтас, Ертіс ауданында Северное, Иса Байзақов, Қызылжар,  Луговое, Қарақұдық ауылдары  қамтылады. Качир ауданында Федоровка тірек ауылы мен Тереңкөл, Ақтоғай ауданында Ақтоғай орталықтарының тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Ақсу қаласына қарасты Айнакөл мен Сынтас,  Екібастұз қаласына қарасты Қарасор мен Құлакөл елді мекендері біріктірілген жобаға енгізілген.

Бөлім басшысының айтуынша, республикалық бюджеттен қаржы бөлу мақсатында 2019 жылға мемлекеттік сараптамадан өткен 41 жобаға бюджеттік өтінім жіберілген.

Қазіргі таңда аймақта 365 елді мекеннің 87-сі орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етілген.

Биылғы жылы 23 мыңнан астам адамға сапалы ауыз  су  жеткізудің нәтижесінде  көрсеткіш 23,8 пайыздан  27,9  пайызға дейін артады. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне сүйенсек, сумен қамтамасыз ету жүйлерін дамыту және су құбырларын тартуға республикалық бюджеттен 3,3 млрд теңге бөлінген.

Еске сала кетейік,  өңірде сапалы ауыз сумен қамту көрсеткішін 2020 жылға дейін 79 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу