Биыл Павлодар облысында жасөспірімдердің қатысуымен 17 қылмыс тіркелді

362

1 610 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Биыл Павлодар облысында жасөспірімдердің қатысуымен 17 қылмыс тіркелді Фото: polisia.kz

Биыл Павлодар облысында жасөспірімдердің қатысуымен болған 17 қылмыс тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров Павлодар облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ата-аналардың кәмелетке толмағандардың құқыққа қайшы әрекеттері үшін жауапкершілігі туралы айтты.

“Полицияның қазақстандық сервистік моделі” пилоттық жобасын іске асыру барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық полицияның ерекше назарына алынды. Соңғы 7 айдың қорытындысы бойынша, кәмелетке толмағандар арасында 17 қылмыс тіркелген.

Қылмыстың негізгі түрлері ұрлық, алаяқтық, тонау, зорлау, ұрлау, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру болған. Қылмыс жасаудың себебі – ата-ананың тарапынан бақылаудың болмауы.

"Аталған кезеңде балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 178 ата-ана, балалардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және тұрғын үй-жайлардан тыс жерде болғаны үшін 1 610 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген полиция хабарламасында.

ҚР Конституциясына, “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне, “Бала құқықтары туралы” Қазақстан Республикасының заңына сәйкес балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-аналардың табиғи құқығы мен міндеті. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі 16 жастан бастап, ерекше жағдайларда ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы (Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) бойынша 14 жастан бастап соттың құзыретіне жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу