Биыл Павлодар өңірінде 172 адам қызылшаға шалдыққан

863

Науқастардың 50 пайыздан астамы – бір жасқа дейін қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар.

Биыл Павлодар өңірінде 172 адам қызылшаға шалдыққан

Павлодар облысында жыл басынан бері өңірде 172 адамның қызылшаға шалдыққаны зертхана сараптамасымен расталған. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ирина Сорокина мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Қызылша ауруына шалдығу еліміздің барлық аймақтарында байқалады. Бұл республика бойынша өзекті мәселеге айналған. Елімізде аталған дертпен 5896 адам ауырған. Біздің облыста қызылшаның алғашқы дерегі желтоқсан айында тіркелген. Жас ерекшеліктеріне келетін болсақ, науқастардың 50 пайыздан астамы – бір жасқа дейін қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар. Бірінші рет сәбилерге бір жаста, екінші рет бала алты жасқа толғанда екпе салынады", – дейді Ирина Сорокина.

Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, 2019 жылдың 1 сәуірінде қызылшаға қарсы қосымша иммунизация басталған. Оған бірінші кезекте 9-10 айлық балалар, қызылшаға шалдыққандармен тығыз байланыста жұмыс істейтін 40 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері кіреді. Сәуір айында бір аптаның ішінде 471 адам екпе алған.

Облыста наурыз айының соңында қосымша Үндістанда шығарылған 12 мың доза вакцина алынды. Бұл вакцина қызылша, қызамық және паротитке қарсы  егіледі, әлемнің 70 елінде қолданылады және Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының сертификаты бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу