Биыл пітір садақа мөлшері 500 болып белгіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде пітір садақасының мөлшері 500 теңге болып белгіленді.
Оның мөлшері Қазақстан бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді, ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.
Сондай-ақ төралқа мәжілісінде наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы 2022 жылы Рамазан айы 2 сәуірден басталатынын, Өзбекстан, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасымен кеңесіп, осындай ортақ шешім қабылданғанын атап өтті.