Биыл пойыз қағып, 28 адам қайтыс болды

798

​Биылғы жылдың сегіз айында 53 адамды пойыз қағып, 28 адам қайтыс болған, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл пойыз қағып, 28 адам қайтыс болды

Бұндай жағдайларға пойыз емес, зардап шеккендердің өздері кінәлі болып жатады. Бірі құлаққаппен музыка тыңдап келе жатып байқамай қалса, бірі масаң күйде, енді бірі өзіне қол жұмсамақ болады. Тақап қалған пойыздың алдынан өтіп үлгеремін дейтіндер де бар.

"Күз басталысымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ алдын алу іс-шараларын күшейтті. Теміржол станцияларында, жолды жаппай рұқсатсыз кесіп өту орындарында көлік полициясы желілік бөлімшесі қызметкерлерінің қатысуымен рейдтер өткізіледі. Теміржолшылар теміржолға жақын орналасқан аудан тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу