Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қуаныш Ибрашев айтты.
"Жоғалып кеткен адамдарды іздестіруге қатысты ішкі істер органдары хабар-ошарсыз кету туралы кез келген сигналға дереу жауап беретінін атап өтеміз. Биылғы жылы полицияға хабар-ошарсыз кеткендер туралы 1600-ге жуық хабарлама келіп түсті, оның ішінде 596-сы кәмелетке толмағандарға қатысты, оларды іздеуге үлкен күш пен қаражат, сонда-ақ уақыт жұмсалады, өйткені олардың көпшілігі қасақана жасырынады", – деді спикер.
Көп жағдайда жоғалған адамдар тез табылды.
"Сонымен қатар, волонтерлік ұйымдар жоғалған адамдарды іздеуге белсенді қатысады және осы мүмкіндікті пайдалана отырып, адамдарды іздеуге ерекше үлес қосқан үшін оларға алғыс білдіреміз. Жоғалған немесе азаматтардың ұзақ уақыт болмаған жағдайда ішкі істер органдарын уақытылы хабардар ету қажеттігін тағы да еске салғым келеді", – деді Ибрашев.