Биыл Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу өтеді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"2023 жылы кезекті іріктеу өткізіледі. Оның ерекшелігі салалық мемлекеттік органдардың қажеттіліктеріне негізделетін болады. Іріктеу рәсімі арнайы ақпараттық жүйеде онлайн түрде өтеді", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Азамат Жолмановтың сөзінше, осыған дейін 350 адам резервке алынған. Оның ішінде 262-сі мемлекеттік қызметке және квазимемлекеттік сектор ұйымдарына жұмысқа қабылданды. Ал, 28-і саяси мемлекеттік қызметте болса, 8-і "А" корпусының лауазымдарында қызмет етеді.