Биыл Президенттің қандай саяси реформалары жүзеге асырылды?

995

2021 жыл Қазақстан үшін тағы бір реформа жылы болды. 

Биыл Президенттің қандай саяси реформалары жүзеге асырылды?

Саяси блок пен құқық қорғау саласындағы мәселелерді шешу үшін алғашқы күннен бастап, қарқынды жұмыс жүргізіле бастады. Бұл туралы Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Telegram-каналында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бір жылда аталған салаларда қандай өзгерістер болды?

1) Мамырда Президент саяси партияларды үшін Мәжіліске өту шегін 7%-дан 5%-ға дейін төмендетуді көздейтін заңға қол қойды.

2) Аталған заң барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдерінде "барлығына қарсы" деген бағанды бекітті.

3) Маусымда Президенттің арнайы Жарлығына сәйкес Үкімет адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын бекітті. Ол қылмыстық сот төрелігі саласында адам саудасының құрбандарын, мүгедектердің, адамдардың құқығын қамтамасыз етуге, азаптаулар мен қатыгездіктің алдын алуға және тағы басқа пәрменді шаралардың кең жиынтығын қамтиды.

4) 25 шілдеде Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. Нәтижесінде ауыл әкімдерінің корпусы 50%-ға жаңарды.

5) Қыркүйекте Президент Қазақстан халқына кезекті Жолдауында депутаттық мандаттарды бөлу кезінде әйелдер мен жастар үшін 30% квотаны заң түрінде бекітуді ұсынды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы ерекше қажеттілігі бар адамдарды қоса отырып, партиялардың сайлау тізімдеріндегі азаматтардың квоталанатын санаттарының тізбесін кеңейтуді ұсынды. Аталған нормалар бойынша заң жобасы әзірленді.

6) Жолдауда құқық қорғаушылардың құқығын қорғау, қылмыстық процесті жетілдіру бойынша шаралар қабылдау маңызды екені атап өтілді. Сондай-ақ полицияның сервистік моделін кеңейту міндеті қойылды. Биыл пилоттық жоба сәтті аяқталды. Келесі жылдан бастап бұл тәжірибе барлық өңірге енгізіледі. 

7) Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын жүйелі нығайтуды және өлім жазасын толық жоюды көздейтін екі заңның әзірленуі де құқық қорғау саласындағы прогреске айтарлықтай әсерін тигізді.

Бұл Мемлекет басшысының саяси реформа блогы бойынша елеулі басталамаларының бір бөлігі ғана, биыл оларды толық іске асыру үшін 2 Жарлық пен 6 заң қабылданды.

Жалпы Президент ұсынған барлық саяси бастамасы бойынша ауқымды әрі жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2022 жылы да саяси және құқық қорғау салаларында нақты өзгерістерді жүзеге асыру векторы сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу