Биыл Ресей мен Қытай арасындағы тауар айналымы өсуі мүмкін

553

Еуразиялық экономикалық комиссия өткен жылдың нәтижелеріне сүйене отырып осындай қорытындыға келіп отыр. 

Биыл Ресей мен Қытай арасындағы тауар айналымы өсуі мүмкін Фото: Turkystan.kz

Биыл Ресей мен Қытай арасындағы тауар айналымы артуы мүмкін. Бұл туралы ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев Қытай-Ресей сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық форумы барысында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz ЕЭК-тің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ресей Федерациясы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 29,3%-ға артып, рекордтық 190 млрд долларды құрады. Бұл көрсеткіш 2023 жылы үштен бірге өседі деп күтілуде", - деді Сергей Глазьев.

ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошевтің сөзінше, Қытай – Еуразиялық экономикалық одақтың стратегиялық серіктестерінің бірі. ЕАЭО елдерінің ҚХР-мен тауар айналымы 2022 жылдың қорытындысы бойынша 200 млрд доллардан асқан. Ал, Қытайдың ЕАЭО сыртқы саудасының жалпы көлеміндегі үлес салмағы 23%-ға дейін артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу