Биыл республика бойынша 77 мыңнан аса баспана пайдалануға берілді

912

Оның ішінде 30 383 бірлігі жеке тұрғын үйлер.

Биыл республика бойынша 77 мыңнан аса баспана пайдалануға берілді

2018 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісі 104,8% құрады, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі — 104,9%, өңдеу өнеркәсібі — 105,1% болды. Еліміздің 14 өңірінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі өскен. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Өңдеу өнеркәсібінде жылдық жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілді және бірқатар салаларда өсім байқалуда. Атап айтқанда, машина жасау саласында 14,5%, химия өнеркәсібінде 8,2%-ға, жиһаз өндіруде 5,1%, қағаз шығаруда 9,2 %-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 2,3%-ға өсім байқалған. Сонымен қатар, көлік кешені бойынша тоғыз айдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексі 104,6% құрады. Тұрғын үй құрылысы бойынша 8,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

"Жалпы республика бойынша 77 099 бірлік баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 30 383 – жеке тұрғын үйлер. Тұрғын үйдің пайдалануға беру көлемінің ұлғайуы өткен жылмен салыстырғанда республиканың 15 өңірінде жалғасуда", — деді бірінші вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу