Биыл республика өңірлерінде 90 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынды

348

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Биыл республика өңірлерінде 90 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынды Фото: Inbusiness.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Үкіметке денсаулық сақтау мен жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарауды тапсырды.

Биыл Қазақстанның денсаулық сақтау саласында қол жеткізілген нәтижелер туралы осы шолудан оқыңыз.

Биыл республика өңірлерінде 90 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынды, оның ішінде 59-ы "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде іске қосылды.

  • 80 медициналық мекеме жөнделіп, 4 көпсалалы орталық аудандық аурухананы күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
  • Стационарларда 3 млн-ға жуық адам көмек алды.
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмек желісі 90 млн-нан астам адамды қабылдады.
  • 360 мыңнан астам жаңа туған нәресте дүниеге келді (11 айдың қорытындысы бойынша).
  • Жедел медициналық жәрдем күштерімен 8 млн шақырту бойынша көмек көрсетілді.
  • Осы жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 2,5 трлн теңге болды.

Барлығы 3,9 млн пациент дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.

ҚР медициналық мекемелері үшін 58,8 млрд теңгеге 514 бірлік медициналық техника сатып алынды.

2023 жылы көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтердің саны 2,5 есеге артып, 324 млн-нан асты.

Жалпы профилактикалық тексерулермен шамамен 2,6 млн ауыл тұрғыны қамтылды.

Медициналық пойыздар шеңберінде 50 мыңнан астам адам қызмет алды.

Елімізде трансплантология, кардиохирургия, онкология, инновациялық жасушалық технологиялар саласында 80 жаңа технология енгізілді, олар бойынша 20 мыңға жуық адам емделді.

Дәрігерлерге, оның ішінде аса тапшы мамандықтар бойынша қажеттілікті қамтамасыз ету үшін 2023 жылы республикалық бюджет есебінен 6 мыңға жуық білім беру гранты бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу