Биыл республикада 130 мыңға жуық түлек мектеп бітіреді

617

Биыл республикада 130 мыңға жуық түлек мектеп бітіреді

Оның 97 мыңы Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға ниет білдірген. 10 мамыр күні өтініш қабылдау аяқталды. Мұны білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Айта кетейік, биылғы оқу жылында ҰБТ жаңа форматта өтеді. Ол екі кезеңнен тұрады. Алғашқысы түлектер мектеп бітіру емтиханын тапсырады. Ал жоғары оқу орнына түсу үшін тест тапсырады. Ең жоғарғы балл – 140. Шекті ұпай бұрынғыдай 50 балл күйінде қалды.

"Бұрынғы формат бойынша мектеп бітіру емтиханы мен тест бірге өтетін. Бұл үлкен психологиялық әсер беретін балаларға. Осы 13 жылдан бері оқушылар ҰБТ-да 70 пайыздан артық тапсырмаған екен. Ал жаңа форматта мектептегі емтиханды 100 пайыз барлығы тапсырады. Ал ҰБТ-ны жоғары оқу орнына түсем дегендер ғана тапсырады", – дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу