Биыл республикалық маңыздағы күре жолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданады?

589

Күн райы жылынған сәттен бастап жолшы мамандар республикалық маңыздағы трассаларда жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру үшін қабылданған іс-шаралар жоспарын іске асыруға кірісті. 

Биыл республикалық маңыздағы күре жолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданады? Фото: QazAvtoJol

 

Биылғы жол құрылысы маусымы аясында мамандар жол жабынымен қатар жол инфрақұрылымы элементтерін де жаңартады. Жолшылар 8 мыңға жуық жаңа жол белгілерін, 19 мың дана катафоттарды, 3,5 мың шаршы метр шу жолақтарын және 10 мың сигнал бағанасын орнатады. Сонымен қатар, мамандар 9,7 мың қума метр тосқауыл қоршауларын жабдықтап, 23 мың шақырымнан астам жол таңба сызығын жаңартады, 179 автопавильон және демалыс алаңдарын жөндейді. Жолшылар республикалық жолдардың 380 мың шаршы метрінде шұңқырларды жамау, жол жабындысының 16 мың шаршы метрінде олқылықтарды жою жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда.

Жол қозғалысы ережелерін сақтап, жол қауіпсіздігін насихаттау мақсатымен республикалық автотрассалардың бойында 300-ден астам жаңа ақпараттық панно орнату көзделіп отыр.

Бұдан басқа, "Екатеринбург – Алматы", "Самара-Шымкент", "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерінде, Ақмола облысындағы Төңкеріс, Арайлы, Астраханка елді-мекендерінде, Батыс Қазақстан облысындағы Подстепное ауылының қасында қосымша жарықтандыру құрылғылары орнатылады.

Ақмола облысында Қосшы қаласы мен Талапкер ауылының шегінде жаңа бағдаршамдар іске қосылмақ.

Ал "Алматы-Бішкек" және "Алматы-Шелек-Қорғас" республикалық автожолдарының бойында бес жаңа жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі пайдалануға беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу