Биыл республикалық маңызы бар 7 мың шақырым жол жөнделмек

623

"ҚазАвтоЖол" биыл республикалық маңызы бар 7 мың шақырым жолдың қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарымен қамтылатынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл республикалық маңызы бар 7 мың шақырым жол жөнделмек Фото: inbusiness.kz

Ақпаратқа сәйкес, 3,6 мың шақырым жол қайта жаңартылса, 3,4 мың шақырым жолда орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

"Құрылыс маусымы басталысымен бірден жұмысқа кірісіп кету үшін қазір қажет барлық материалдарды дайындап жатырмыз. Маусым басталғанға дейін материалдардың 50%-ын дайындап қоюымыз шарт. Құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру үшін 5 мың бірлік арнайы жол-құрылыс техникасы, 52 ұсақтау қондырғысы, 25 бетон және 64 асфальтбетон зауыты жасақталып, жұмылдырылды",-деді "ҚазАвтоЖол" басшысы Мейірхат Қасымбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу