Биыл салық түсімдері былтырмен салыстырғанда 1,5 есе артты

874

2022 жылғы 5 айда мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 106,8% орындалды. Бекітілген жоспар – 5 894,2 млрд теңге, ол 398,9 млрд теңгеге асыра орындалып, 6 293,1 млрд теңге түсті. Өткен жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда салық 1,5 есе немесе 2 145,3 млрд теңгеге көп төленген.  

Биыл салық түсімдері былтырмен салыстырғанда 1,5 есе артты

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.

Оның ішінде:
– Республикалық бюджет 100,3% орындалды (жоспар бойынша 4 273,5 млрд теңге, 10,8 млрд теңгеге асыра орындалып, 4 284,3 млрд теңге түсті), өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,6 есе немесе 1 686,9 млрд теңгеге өсті.

– Жергілікті бюджет 123,9% орындалды (жоспар бойынша 1 620,7 млрд теңге, 388,1 млрд теңгеге асыра орындалып, 2 008,8 млрд теңге түсті) 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 29,6% немесе 458,4 млрд теңгеге өсті.

2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдердің ең көп сомасы корпоративті табыс салығы бойынша 624,1 млрд теңгеге немесе 1,9 есе, ішкі өндіріс тауарларына қосылған құн салығы 494,4 млрд теңгеге немесе 2,2 есе, мұнайға салынатын экспорттық кеден баждары бойынша 356,5 млрд теңгеге немесе 2 есе, үшінші елдерден импортқа қосылған құн салығы 112,8 млрд теңгеге немесе 37,8%-ға, пайдалы қазбалардың өндірісіне салынатын салығы 70,5 млрд теңгеге немесе 35,0%-ға және ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы 66,6 млрд теңгеге немесе 20,5%-ға өскені байқалады.

"Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер етті:2022 жылы 5 айда өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 65,1%, алюминийге 44,0%, мырышқа 37,9%, қорғасынға 12,6%, мысқа 10,1% және алтын 4,4% бағаның өсуі байқалады. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 56,4%-ға өсті (1 тонна үшін орташа мөлшерлемесі 2021 жылғы қаңтар-мамыр айында – 55,0$, 2022 жылғы қаңтар-мамыр айында 1 тонна үшін – 86,0$)", – деп жазылған хабарламада.

Биылғы жылғы 5 айда үшінші елдермен тауар айналымы 53,6%-ға өсті, оның ішінде экспорт 68,9%-ға, импорт 19,9%-ға артты. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу