Биыл салықтық тексеріс қысқартылады

959

Биыл салықтық тексеріс қысқартылады

Салық түсімдерін көтеру мақсатында биыл салықтық тексеріс 37,5 пайызға қысқартылады. Бұл туралы парламент палаталарының отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов  мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Б.Сұлтанов айтып өткендей, салық кодексінің жаңа  жобасында тексеріске негіз болатын  56 пайыз норманы алып тастау қарастырылып отыр. Қорытындысында  32 норманың 14-і ғана қалмақ.

"Аталмыш жұмыстың нәтижелілігі үшін біз бизнеске қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Кіріссіз шығын болмайды деген түсінік бар. Сондықтан да салықтық түсімдерді арттыру салықтық тексерістерді азайту  негізінде орын алады. Мәселен, биыл ол 37,5 пайызға қысқартылады.  Салықтық тексерістерде сенім ұстанымына  негізделген әдістер мен  ынтымақтастықтың  өзара байланысы, көкжиектік мониторинг болады. Салықтық әкімшілендіруді одан әрі ақпараттандыру  салықтық тексерісті азайтуға жұмыс істейді", - деді министр.

Сондай-ақ, министрліктің маңызды  мәселелерінің бірі тиімсіз салықтық пұрсаттылық  санын қысқарту болып табылады.

"Белгілі болғандай, аталмыш жеңілдіктер бизнесте салықты қысқарту үшін қолданылады. Осы орайда, НҚС, ККС жергілікті салық бойынша жеңілдіктері қарастырылады. Заңнаманы гуманизациялау  аясында  "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекске сәйкесінше өзгертулер енгізу қарастырылған. Ең басты мәселе – әкімшілік айыппұлдар көлемін азайту және жазалаудың орнына  ескерту институтын толық  қолдану", - деді ведомство басшысы.

Жалпы, 2016 жылғы бюджетті орындау кәсіпкерлікті ынталандыру мен жұмыс орнын құруға бағытталған. Экономика өсімі 1 пайызды құрады. Бюджет кірісі 7,7 трлн теңгені құрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу