Биыл салынатын жалдамалы пәтерлердің саны белгілі болды

741

Биыл салынатын жалдамалы пәтерлердің саны белгілі болды

 

"Нұрлы Жер" бағдарламасының шеңберінде биыл 3 мың 507 арендалық пәтер салу жоспарланған. Үкімет отырысында есеп берген Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек осылай деді. Оның айтуынша 15 жылда 40 мың арендалық баспана пайдалануға беріледі. Ол үйлердің орташа ауданы 50-60 шаршы метр болады. Аталған баспана алдымен мүгедектер мен жетімдер арасында таратылады. Пәтерді жалға алу құны да қымбат емес. Бір шаршы метрі үшін айына 100 теңгеден шығады. Сонда бір пәтердің ауданы 50 шаршы метр болса, айлық жалға алу құны 5 000 теңге шамасында болады. Дегенмен, ол ақша тек пәтерді жалға алу ақысы ғана екенін ұмытпау қажет. Оның сыртында коммуналдық төлемдер тағы бар. Айта кетейік, бүгінде әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарды арендалық пәтерлермен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын 25 млрд теңге бөлініп отырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу