Биыл "Самұрық-Қазынаның" сыртқы қарызы 650 млн долларға қысқарады

1065

Өткен жылы қор компаниялар тобының сыртқы қарызы 4 миллиард АҚШ долларына қысқарған еді.

Биыл "Самұрық-Қазынаның" сыртқы қарызы 650 млн долларға қысқарады

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ компаниялар тобының сыртқы қарызы 2019 жылы 650 млн АҚШ долларына қысқарады. Бұл қордың қаржылық тұрақтылығын арттыру жөніндегі шаралар аясында мүмкін болмақ, деп хабарлайды қордың қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ 780 млн АҚШ доллары сомасындағы еурооблигазияларды мерзімінен бұрын өтеген.

"2019 жылдың қорытындысы бойынша еншілес ұйымдарды несиелеу 185 млрд теңгеден астам соманы құрады, бұл инвестициялық жобаларды іске асыруды уақытылы жалғастыруға және қор тобының шоғырландырылған қарызын ұлғайтпауға мүмкіндік берді",– делінген хабарламада.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ 2019 жылдың қыркүйек айында акцияларды қосымша орналастыруды жүзеге асырған, онда қор 128,2 млн АҚШ долларын (шамамен 50 млрд теңге) тартты. Ал акцияларды сатудан түскен барлық қаражат 2019 жылы 31 қазанда Ұлттық қорға жіберілген.

"Бұдан басқа, қор 2019 жылдың желтоқсанында "Екібастұз МАЭС-2 станциясы" АҚ-ның 50% акциясын сатып алу бойынша мәмілені аяқтады. Бұл сатып алу қорға "Екібастұз МАЭС-2 станциясы" АҚ-ның 3-ші энергия блогын салу бөлігінде инвестициялық бағдарламасын іске асыруды жалғастыруға мүмкіндік береді",– деп хабарланды қордан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу