Биыл Саранда тұрмыстық техника шығаратын зауыт іске қосылады

462

Бұл моноқаланың жандануына өз үлесін қоспақ.

Биыл Саранда тұрмыстық техника шығаратын зауыт іске қосылады Фото: gov.kz

Қарағанды облысындағы Саран қаласында биыл тұрмыстық техника шығаратын зауытты іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Елдегі электротехникалық машина жасау секторында Alageum Electric нарықтың қажеттілігін толығымен қамтамасыз ететін трансформаторларды шығарады. Қазнергокабель, Еуразкабель сияқты кәсіпорындар нарықта сұранысқа ие кабельдік өнімдерді жеткізеді. Қазіргі уақытта "Алматы тұрмыстық техника" компаниясы Dauscher брендімен теледидарлар, электр плиталары мен пештер шығаруды жолға қойды", - деді ол.

Оның айтуынша, биыл Саран қаласында тұрмыстық техника бойынша жобаны іске асыру жоспарланған. 

"Тұрмыстық техника бойынша Еуразиялық экономикалық одақ нарығының әлеуеті шамамен 11 млрд долларды, ал Қазақстан нарығының әлеуеті 1 млрд 200 млн долларды құрайды. Жобаларды іске асыру кезінде біз ішкі нарықты 250 млн долларды құрайтын өнімдермен толықтырып, 100 млн доллардан астам сомаға экспортты арттыруды көздеудеміз", - деді министр.

Айта кету керек, осыған дейін Қарағанды облысында тұрмыстық техника шығаралытынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу