Биыл Саудия Қазақстанға қажылық үшін 3,2 мың орын бөлді

842

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен САК қажылық және умра министрлігі екі жақты келісім құжатына қол қойды.

Биыл Саудия Қазақстанға қажылық үшін 3,2 мың орын бөлді

Саудияның қажылық және умра министрлігі Қазақстан азаматтарына қажылық үшін 3 200 орын бөлді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз бастаған делегация Сауд Арабия Королдігінде (САК) 2019 жылғы қажылық маусымының ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары бойынша екі жақты ресми кездесулерге қатысты.  

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен САК қажылық және умра министрлігі екі жақты келісім құжатына қол қойды. Аталған құжатта биыл Қазақстан тарапынан 3 200 адам қажылығын өтей алатыны көрсетілген.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу