Биыл Семей полигонының аумағын экологиялық зерттеу аяқталады

1288

Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халыққа есеп беру барысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Биыл Семей полигонының аумағын экологиялық зерттеу аяқталады

"Зерттеу нәтижесінде бұрынғы сынақ алаңының барлық аумағының радиоэкологиялық жағдайы анықталады", – деді Нұрлан Ноғаев. 

Оның сөзінше, зерттеу барысында 18 311 шаршы метр жер қамтылған. 
"Семей сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына полигонның ластанған жерлерінде ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" Қазақстан Республикасының заңын қабылдау жоспарланып отыр", – деді энергетика министрі.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу