Биыл Семейде 17 350 га жерге егін егу жоспарлануда

608

Оған 51 шаруашылық субъектісі қатысады.  

Биыл Семейде 17 350 га жерге егін егу жоспарлануда Фото: yandex.kz

Семей өңірі бойынша 2023 жылға арналған егіс алқаптарының алдын ала құрылымы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Сондай-ақ үй жанындағы және саяжай учаскелерінде ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жүзеге асырылады.

Аталған алаңға 367 га дәнді дақылдар егу жоспарланған (217 га күздік дақылдар) 3 779,5 га картоп, 1 520,2 га көкөніс және бақша дақылдары, 5 743 га майлы дақылдар отырғызылады. Жем-шөп дақылдарының ауданы 5 940,7 га құрайды.

"Өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдарында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникасының саны жеткілікті. Оның ішінде барлық түрдегі тракторлар - 686 бірлік, дөңгелекті техника – 624, шынжыр табанды – 62, соқалар – 71, қопсытқыштар – 56, сепкіштер – 36 және 239 жүк машинасы жұмылдырылады. Барлық қажетті техника дайындалды. Тұқым мен минералды тыңайтқыштар, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілді, - деді ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаев.

Ғылыми мекемелердің ұсынылған қорытындылары бойынша ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері 20 сәуірден 15 маусымға дейін созылады.

Қазіргі таңда, шаруашылық субъектілері ауа-райы мен климаттық жағдайлардың жақсаруын күтуде. Өңірде көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізіп, оңтайлы мерзімде аяқтау жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу